Жеңістің 80 жылдығына орай аудандар мен қалалық кітапханалар арасында облыстық байқау өтті. Бұл жолы аталған сайысқа Шу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі өз жұмыстарын ұсынды. «Ел үшін туған ерлер» атты кітап көрмесінде поэзиялық өлеңдер оқылып, патриоттық әндер шырқалды.