Т. Рысқұлов ауданында орналасқан «Лугавой рельс дәнекерлеу зауыты» – еліміздегі теміржол инфрақұрылымын жаңғыртуда маңызды рөл атқарып отырған өндіріс орны. 1988 жылы негізі қаланған бұл кәсіпорын бүгінде «Қазақстан темір жолы» АҚ құрамында жұмыс істеп, салалық жүйенің сенімді тірегіне айналды.