Таразда ерекше көрме өтті. Ол “Бір ауыл – бір өнім” жобасы. Оның ерекшелігі сол, ауыл-аймақтан келген 80-ге жуық қыз-келіншек өз қолымен жасаған өнімдерін жұртшылыққа ұсынды. Осылайша, олар бір жағынан өз шеберлігін көрсетіп, екінші жағынан өз бизнесін дамытуға мүмкіндік алды.