Бүгін облыстық Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиынға аудандық қоғамдық кеңестердің төрағалары да онлайн форматта қатысты. Күн тәртібінде — 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасы мен заңнаманың орындалу барысы қаралды. Сонымен қатар, жиында қоғамдық кеңес ішінен құрылған комиссиялардың төрағалары атқарған жұмыстары жөнінде есеп берді.