Жамбыл облысында үш күнге созылған рейдтік шаралар барысында мотокөлік жүргізушілері тарапынан 236 жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі анықталды. Полиция қызметкерлері мопед, скутер және мотоцикл иелерінің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу және көлік жүргізу тәртібін күшейту мақсатында тексерулер жүргізді.