Жамбыл ауданындағы Гродекова ауылында шаруалар күніне 25- 30 литр сүт беретін сиыр асырайды. Қазіргі таңда асыл тұқымды сиырды сауып та әуре болмайсыз. Ол жағын заманауй технология тындырады. Оған қоса, аталған ауылда алқаптарға көкеніс егіп, шаруаның шырайын кіргізген кәсіпкерде бар. Шаруа пиязбен сәбізді егіп, жиырма тонна картобын жинап үлгерген.