Пойыз, вагон, шойын жол! Бұл сөздер күні – түні тоқтамайтын тіршілік белгісіндей. Қазақ даласында ғасырдан аса тоқтаусыз жүйткіп келе жатқан отарбалар тоқтаас үшін күніне мыңдаған адам жұмысқа шығады. Бірі қара күшті қажет ететін жағында, енді бірі зерделі зейін мен жедел әрекетті талап ететін сатыларында жұмыс істейді.