Қазақстандағы елдімекендердің 62 пайыздан астамы табиғи газбен қамтылған. Яғни 12 млн 600 мың адам үйлерінде көгілдір отын тұтынып отыр. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов осылай деді. Биыл елдімекендерді газдандыру үшін 112,5 млрд теңге қарастырылған. Ақша бөлінгенімен жұмысты жүйелей алмай отырған өңірлер бар. Мәселен Ұлытау облысын газдандыруға 3,9 млрд теңге бөлінген. Алайда оның 77 млн теңгесі ғана игерілген. Маңғыстау облысында былтыр тапсырылуы тиіс газ өңдеу зауытының құрылысы 3 жылға кешігіп жатыр. Премьер-министр бұл мұндай салғырттыққа жол бермеуді тапсырды.