«Қазақстан халқына» қоры не тындырып жатыр? Болат Жәмішев басқаратын қор денсаулық пен білімге және халықты әлеуметтік қолдауға қаржы жұмсап жатқан көрінеді.

Дәйекке дәлел, 1 ғана білім саласында 269 ауыл мектебі қайта жаңғырды. Әрбір білім ордасына 250 млн теңге бөлініп оқу кабинеттері заманауи тұрғыда жабдықталған. Бұл бағытта Жамбыл облысында да бірнеше ауылда балаларға тамаша тарту жасалған.