Таразда таеквондодан жасөспірімдер арасындағы дәстүрлі облыстық турнир өтті. Мемлекет және Қоғам қайраткері Қаратай Тұрысовты еске алуға арналған жекпе-жек сайысына 7 аймақтан келген 200 спортшы өз бағын сынады.