Биыл Тәжік-Ауған шекарасындағы қақтығыстың орын алғанына 30 жыл толды. Осынау қарулы қақтығыс кезінде 17 Қазақстандық жауынгер қаза тапқан болатын. Бүгін Тараздағы «Жеңіс» саябағында боздақтардың ескерткішіне Жамбылдықтар гүл шоғын қойып, рухына тағзым етті.