«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы Жамбыл өңірінде сәтті жүзеге асуда. Осы уақыт аралығында өңірімізде үш білім ұясы пайдалануға берілген. Ал, біреуі Қордай ауданында жыл соңына дейін қолданысқа беріледі деп жоспарланып отыр.

Иә, солардың алғашқы болып №66 білім ордасы балғындарға есігін айқара ашты. Мектепте білім алушылар мен педагогтерге қауіпсіз және жайлы жағдай жасалған. Соның арқасында Республикалық байқауда топ жарған оқушылар саны артты.