Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл. Бейбітшілік пен этносаралық достықты, ынтымақтастықты нығайту басым бағыттардың бірі екені сөзсіз. Әр ұлт пен ұлыс өз мәдениеті мен әдебиетін және әдет-ғұрпын сақтап, оны дәріптеу үшін әр облыста орталықтар құрылған.

Татулықты ту еткен институт 1995 жылғы 1 наурызда жұмысын бастаған еді. Қазір оның құрылымында 583 адам тұрақты түрде жұмыс істейді.