Биыл аймақта 660 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жоспарланып отыр.Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 33 мың гектарға артық.

Қазір облыста көктемгі дала жұмыстары басталып кетті. Маңызды кезеңді ұйымдасқан түрде өткізу мақсатында материалдық-техникалық қажеттіліктер толығымен дайындалып, агротехникалық шараларды мерзімінде өткізу жұмыстары бақылауға алынған.