Бүгін күллі мұсылман қауымы мың айдан да қайырлы қадір түнін қарсы алады. Бұл түнді әрбір мұсылман баласы асқан мұхияттылықпен ғибадат етіп, құлшылық жасап, игі тілек тілеп сауап үмітімен өткізуге талпынады. Қасиетті түнге орай облыстың барлық мешіттерінде тағылымы мол іс – шаралар өткізілетін болады.