Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын деп халықтың малын сыпырып алып, аштан қырған заманда келген отарба ұлы дала тамырына қан жүгірткен еді. Ғасырға жуық уақыт шойын жолда пойыздар тынымсыз зырлап келеді.
Иә, қазір пойызға мінбеген жолаушы сирек. Бірақ, темір жолдағы тынымсыз тіршіліктің артында ерен еңбек жатқанын ешкім елей бермейді.