Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Онда еліміздің 2024 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалды. Қазіргі жаһандық үдерістердің еліміздің экономикалық ахуалына өз әсерін тигізбей қоймайтынын атап көрсеткен Президент еліміздің бәсекеге қабілетін арттырып, тұрақты дамуына жол ашатын аса маңызды факторларға тоқталды.