Бүгін А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында көру қабілеті нашар және зағип балалардың қатысуымен «Жүрекпен оқыған шығарма» атты инклюзивтік театрлық байқау өтті. Бұл сахналық шара мүмкіндігі шектеулі балаларға өз талантын көпшілік алдында еркін көрсетуге жол ашты. Қатысушылар қазақ әдебиетінің көрнекті туындылары бойынша шағын қойылымдар ұсынып, көрерменге терең әсер қалдырды.