Бүгін шалғайдағы Мойынқұм ауданында «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты жөніндегі тұжырымдамасынан туындайтын міндеттерді түсіндіру мақсатында жиын өтті. Оған партия облыстық филиалы жанындағы кеңес мүшелері, аудан басшылығы мен жергілікті депутаттар қатысты.