Жамбыл облысында биыл құрылысы басталады делінген су қоймаларының мерзімі тағы да кейінге шегерілді. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің аграрлық мәселелер комитеті депутаттарының көшпелі отырысында айтылды. Құзырлы министрлік өкілінің мәлімдеуінше, бұған сан түрлі себеп бар. 12 жылдан бері айтылып келе жатқан бұл мәселенің биыл да шешілмейтініне мәжіліс депутаты наразы.