Жамбылда тек тарихи нысандарды аралап қана қоймай, Алатау мен Қаратауды бағындырып, мұздықтардарды көруге, экстрималды спорттық ойындарды ойнап, демалуға мүмкіндік бар. Тіпті, кажет болса, кез-келген адам көкке көтеріліп, темір құс арқылы өңірді төбеден тамашалай алады. Ол үшін Тараз іргесіндегі ұшақтар алаңына аттануыңыз қажет.
Аталмыш аэродром аймақта тек туризмді ғана емес, медицина, ауылшарушылығы саласын дамытуға үлес қосып отыр.