Қазіргі геосаяси жағдайда елдің қорғаныс қабілетін күшейту мәселесі ерекше маңызға ие. Осы орайда әскери білім алған жастарды әскер қатарына тарту – күн тәртібіндегі өзекті мәселенің бірі. Жоғары оқу орындарындағы әскери кафедралар болашақ офицерлерді даярлаудың маңызды алаңына айналған. Бұл кафедралар – әскери міндеттен жалтару емес, керісінше Қарулы Күштердің кәсіби резервін қалыптастыратын құрылым.
Осыған байланысты Тараз қаласында әскери кафедра түлектерімен кездесу ұйымдастырылып, олардың әскери қызметке орналасуына бағытталған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.