Өңір басшысының бастамасымен 2025 жыл Жамбыл облысында "Кітап оқу жылы" болып жарияланды. Осы жоба аясында Мойынқұм аудандық орталықтандырылған кітапханасында “Кітап-асыл қазына” атты кітап фестивалі өтті.Фестивалға Мойынқұм ауданының әкімі мен аудандағы зиялы қауым өкілдері, кітапхананың тұрақты оқырмандары мен мектеп оқушылары, мектеп кітапханашылары қатысты.