Мемлекет басшысы 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Бұл әрине осы салаға бар ғұмырын арнаған жұмысшыларға үлкен құрмет болып отыр.

Ауыл аймақтарда еңбегін елге арнаған қарапайым азаматтар көп. Солардың бірі 15 жыл көптің алғысын арқалап жүрген дәнекерлеуші - Мақсат Айдаров.