Ескі, бюрократиялық жұмыс әдістерін, формализмді қолдана отырып, жаңа жағдайларда оң нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Осылай деген премьер Олжас Бектенов министрлер мен әкімдерге жедел шешімдер қабылдауды тапсырды. Бүгін үкімет үйінде Президенттің кешегі кеңейтілген жиында айтылған тапсырмаларын орындау бойынша кеңес өтті.