«Жаман емес». Президент үкімет жұмысына осындай баға берді. Бүгін үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы министрлер кабинеті атқаратын жұмыстың негізгі бағыттарын айқындады. Дегенмен әртараптандыру орындалған жоқ, экономика ұлттық қорға тәуелді деп Қасым-Жомарт Тоқаев атқарушы биліктің жұмысын сынға алды. Ал, Үкімет бюджет тапшылығын шешу үшін салық саясатына реформа жасау керек дейді. Жиында Президент атом стансасының құрылысын да тездетуді тапсырды. Себебі энергия тапшылығы артып келеді.