Президенттің әр бастамасы тұтас елдің дамуы үшін маңызды. Парламент мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов, Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент айтқан мәселелерге тоқталып, мән-маңызын тарқата түсті. Мемлекет басшысы экономикалық дамудың бірқатар көрсеткіші бойынша оң серпін бар екенін атап өтіп, алдағы бес жылға арналған жұмыстың басты бағыттарын айқындап берді,-дейді мәжіліс спикері.