Еуразия ұлттық университеті «Келешек» жүйесі бойынша меморандумға қол қойды. Енді мемлекеттік білім беру грантына ие бола алмаған, алайда осы жүйе арқылы жалпы оқу құнының жартысын жинаған талапкерге университет бірқатар жеңілдік жасайды. «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесі Президент бастамасымен құрылды.