Былтыр аймақтағы денсаулық саласына қатысты 2 мыңнан астам арыз-шағым келіп түскен. Қала бойынша шағым жинаудың көшін №5 қалалық емхана бастап тұр. Ауданға келсек, Таластағы аурухана бірінші орында тұр. Бірақ, «әттеген-айы» жетістікпен емес, арыз- шағыммен.. Сала басшылары ақ халаттылардың әдепсіз дөрекілігі көп түйткілге себеп дейді. Осы мәселе «Аманат» партиясында талқыға түсті.