Екі бірдей соғысқа қатысып, қан майданнан елге аман оралған Байзақтық Рахымжан Мамыралиев 100 жасқа толды. Отанды жаудан азат етіп, Жеңіс туын желбіретуге үлес қосқан ардагер жапондармен де шайқасқан. Ғасыр жасаған байырғы солдатқа жұрты ерекше құрмет көрсетті. Аудан әкімі Рахымжан қарияның шаңырағына арнайы барып құттықтады. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының оркестрі әскери ән орындады.