Меркі ауданында ветеринария саласының мамандары мен шаруашылық жетекшілеріне арналған облыстық семинар өтті. Мұндағы мақсат — ауыл шаруашылығында кездесетін ветеринариялық мәселелерді талқылау мен тың технологияларды енгізу. Сондай-ақ, семинар ветеринариялық қызметтің сапасын арттыру мақсатында өткізілді.