Облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіровтың төрағалығымен «Тараз – қауіпсіз қала» жобасының нәтижелері тыңдалды. Прокуротураның бастамасымен 2020 жылы басталған бұл жоба өзінің тиімділігін көрсетіп, қылмысқа қарсы күресте және қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды құралға айналған.
Жоба аясында жастарды жұмыспен қамту, олардың тәртібі, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды оңалту және оларға әлеуметтік қолдау көрсету, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері айтарлықтай оң нәтиже берген. Қала әкімі Бақытжан Орынбеков жиында жобаның пайдалы тұстарына тоқталып, бұл жұмыстарды ары қарай да жалғастырсақ деген ойын айтты.