Ел экономикасының ілгерілеп, әлеуетінің көтерілуіне мал шаруашылығының да, әсері зор. Мемлекет тарапынан осы салаға айтарлық көңіл бөлініп, қарапайым шаруалар тірлігін тіктеп келеді. Бүгінде бір ғана Жуалы ауданында 2 мыңнан аса шаруашылық жұмыс істеп тұр. Дәл осы бағытта ата кәсіпті дамытып отырған жанның бірі - Ғали Кемелов. Ол мемлекеттен қолдау алып, бұқа байлап, елді етпен қамтамасыз етіп отыр.