Өткен тарих, болашаққа іргетас. Мыңжылдықтар мүйісінде азаттық жалауын желбіреткен Қазақстанның тәуелсіздігіне биыл 33 жыл толады. Одақ тараған соң, елең-алаң уақытта біраааз қиындықтарды өткерген жас мемлекетіміз қазіргідей жетістікке оңайлықпен жеткен жоқ. Экономикалық байланыстар үзілді. Қымбатшылық, жоқшылық, тапшылық- қазақ халқы жүріп өткен қысылтаяң шақ еді.

Өндірістер тоқтады, халық жұмыссыз қалды, дүкен сөрелері бос тұрды, Қалаларда жылу, су жарықтың өзі бірде бар, бірде жоқ еді. Иә, қазір соның барлығы көрген түстей. Дамудың бірнеше белесін артқа тастаған егеменді елдің айбынын бүгінде шартарап мойындады. 90- жылдардағы тоқырау – 2 мыңыншы жылдарға қарай экономиканың еңсе тіктеуімен жалғасты. Тоқырау - еліміздің жаңаша бағытта дамуымен алмасты.