Қазақстанда алдағы 5 жылда 1 млн адамды жасанды интеллект технологиясына оқыту көзделіп отыр. Елдегі цифрлық даму және жасанды интеллектті енгізу жұмысымен танысқан президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа осындай мәлімет берілді. Осы мақсатта ендігі жылы "AIem.ai" халықаралық жасанды интеллект орталығы құрылмақ. Ал Мемлекет басшысы Қазақ тілінің мультимодальды тілдік моделін жасау міндетін жүктеді.