40 жылға жуық медицина саласында еңбек еткен дәрігерлер отбасы. Жамбыл аудандық ауруханасының бөлім меңгерушілері Жетпіс Айхожаев пен Мира Көшкінбаева саналы ғұмырын еңбекке арнап, ел алғысын арқалап келеді. Бірі оташы болып 900 ге жуық жанның өмірін сақтап қалса, енді бірі жұқпалы аурулармен күреседі.