5 мемлекетпен шектесетін Қазақстан достық пен татулықтың ерекше үлгісін көрсетіп отыр. Себебі 15 мың шақырымнан асатын шекара бойында антқа берік, рухы асқақ қыз-жігіттер еңбек етеді. Тәуелсіздік жылдардан қалыптасқан қырағы қызмет заман талабына сай жасақталып, жыл санап қанат жайып келеді.
Меркі ауданындағы «Қаратау» шекара бөлімі мемлекет шекарасын шегендеп, іргемізді мызғымастай етіп бекіту жолында кешенді жұмыстар атқарып келеді.