Қауіпті трюктер жасайтын қария. Жастардың өзіне қиын соғатын жаттығуларды 70 асқан кісі жасайды дегенге сенесіз бе? Ал Жамбылда сондай қария тұрады. Қанжардың жүзіне қолын қойып, денені жерден көтеру жаттығуын емін еркін жасайды. Тіпті керек болса күніне 3 шақырымды жүгіріп өтеді.