Алдағы үш жылда бюджеттен бөлінетін қаржының басым бөлігі әлеуметтік салаларға жұмсалады. Бүгін Сенат 2025-27 жылдарға арналған Республикалық бюджет туралы заң жобасын қарады. Құжаттың түрлі сатыда талқыланып жатқанына бірнеше ай болған. Барлық саланың орташа шығыны есептелген. Дегенмен Сенат үкімет пен мәжілістің шешімімен келіспей, заң жобасын кері қайтарды.