Жамбыл облысының аумағында ағымдағы жылдың 18-20 қараша аралығында Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес республикалық «Мал ұрысы» жедел іс-шарасы өткізілуде. Бұл шара мал ұрлығын болдырмау, құқық бұзушылықтарды анықтау және алдын алу мақсатында ұйымдастырылды. Іс-шараға облыс бойынша 310 полиция қызметкері тартылып, алғашқы екі күнінде жақсы нәтижелерге қол жеткізілді.