Көрнекті қоғам қайраткері, ҚР Сенатының экс депутаты, Жамбыл ауданының құрметті азаматы Жандар Кәрібайұлының туғанына биыл 85 жыл. Осыған орай бүгін облыстық ардагерлер және билер кеңесінің ұйытқы болуымен дөңгелек үстел өтті.

Басқосуда қоғам қайраткерінің отбасы, өңір атқамінерлері мен профессор ғалымдар және көзін көрген жолдастары келді.