Жамбыл облысында петроглифтері бар тарихи нысандардың саны 100-ден асады. Тасқа қашалып жазған таңбалар өткен дәуірлердегі адамзаттың мәдениеті, салт-дәстүрі мен діни ұстанымдарын айқындайды. Оңтүстік өңірлерде алғаш рет мемлекеттің қорғауына алынып, ашық аспан асты музейіне айналған нысанның бірі және бірегейі Қарасай шатқалындағы петроглифтер кешені.