Қазақстан мен Мажарстан құны 540 млн доллардан асатын бірлескен жобаларды пысықтап жатыр. Бұл туралы Президент Тоқаев кәрі құрлықтағы бауырлас елге мемлекеттік сапары кезінде айтты. Мажар компаниялары Қазақстанда зауыттар салуды көздеп отыр. Ал Будапештте бірлескен логистикалық хаб құру жоспарланды. Бұл Еуропа мен Орталық Азия арасындағы алыс-берісті арттыруға мүмкіндік беретін жоба.