ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы Жамбылда оң нәтиже беріп келеді. Бүгін Таразда «Ұлы Дала» ықшам ауданында 1200 орынды білім ордасы пайдалануға берілді. Өңірдің 85 жылдығымен тұспа – тұс келген жаңа мектептің ашылу салтанатына Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев пен білім саласының ардагерлері, ата-аналар мен зиялы қауым өкілдері қатысты.