Еліміздің шалғай елді-мекендерін аралап, тегін медициналық қызмет көрсетіп жүрген пойыз Жамбылға келді. 28 білікті дәрігер аймақ тұрғындарының денсаулығын тексеріп, ем-дом қабылдауда.
Дертіне шипа іздеп, алтын уақыты мен қомақты қаражатын құртатын тұрғындар мұндай мүкіндікті мүлт жібермейді. Мыңдаған тұрғын медициналық пойыздың шарапатын көруде.