Жамбылда тиісті мамандардың тапшылығынан өндірістік кооперативтерді тіс дәрігері басқарған. Бұл әрине – ілгеріде болған оқиға. Сондай-ақ, Жамбылда бұрынырақта мақта егіліп, ақ алтын саналатын дақылдың алқаптары болғанын біреу білсе, біреу біле бермейді.

Мұндай қызықты мәліметтерді кезінде өңірдің өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосқан азаматтардың аузынан естідік. Дамудың алуан белестерін өткерген өлкенің өткені – өзгермес тарих. Естігенге ертегідей көрінгенімен, бұл болған оқиға.