Қазақстанда алғашқы орман климаттық жобасы іске асады. Бұл мәсел Үкіметте көтерілді. Премьер-министр Олжас Бектенов британдық SEFE компаниясы өкілімен кездесіп, орман климаттық жобасының басталуын талқылады. Жоба Алматы облысында 1500 гектра аумақта орман экожүйесін құруға бағытталған. Терек, қарағаш және ілеспе тұқымдарды қоса алғанда, 3,3 млн ағаш отырғызу жоспарланып отыр. Жаңа жоба-су үнемдеу технологиялары мен қарқынды агротехниканы пайдалана отырып жүзеге асырылады.