Қыс маусымы басталысымен, жылыту пештерін дұрыс пайдаланбау салдарынан оқыс оқиғалар жиілеп кететіні жасырын емес. Әсіресе мұндай қайғылы оқиғалар жеке сектордағы жер үйлерде орын алады. Осы орайда Талас ауданында жауапты мамандар үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.