Биылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек алу ережелері қатаңдатылады. Себебі жеңіл жолмен мемлекеттен заңсыз қаражат алу фактілері кездесіп отыр. Бұл туралы жұмыспен қамту басқармасының басшысы аппарат отырысында баяндады. Оның айтуынша, қайтарымсыз грантқа ие болғандардың арасында да көмекқаржыны мақсатсыз пайдаланғандар анықталған. Еркін Келесов жиында халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру бағытында атқарылған жұмыстармен таныстырып, алдағы жоспарлармен бөлісті.