Жүгенсіз кеткен автобус жүргізушілері. Таразда қоғамдық көлік тізгіндеген 1 емес, 2 емес, бақандай 11 азамат тәртіп сақшыларына ұсталып жауапқа тартылған. Кезекті масаң жүргізуші «Тасымалдаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықталып отыр.